сәрсенбі, 18 ақпан, 2026 12:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болған күдіктілер ұсталды

Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болған күдіктілер ұсталды
Видеодан скрин жасалды
Оқиға Тараз қаласындағы аялдамалардың бірінде болған.

Тараз қаласында 13 жастағы қызды ұрламақ болған екі ер адамды полиция қызметкерлері жедел түрде қолға түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға Тараз қаласындағы аялдамалардың бірінде болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз қоғамдық көлік күтіп тұрған сәтте белгісіз екі адам көлікпен келіп, оны күштеп алып кетуге әрекет жасаған. 

Алайда олардың жоспары жүзеге аспай қалды.

Оқиға туралы хабар полицияға дереу жеткізілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді қысқа уақыт ішінде анықтап, ұстады.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар