Жамбыл жаңалықтар
Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар сақталған орын табылды
- авторjambylinfo.kz
- 25 қаңтар, 2023
- 154
Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар сақталған орын табылды
2023 жылғы 25 қаңтарда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында тағы да қару-жарақ жасырылған құпия орынды анықтады. Тараз қаласының аумағындағы Арай алқабында арықты жағалай өскен қамыс арасынан қаңтар оқиғасы кезінде облыстық Полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған «Hatsan Escort PS» маркалы 12 мм калибрлі бір ауызды тегіс ұңғылы мылтық және бір ауызды 12 мм калибрлі «Maverick» маркалы тегіс ұңғылы мылтығы, 16 мм калибрлі «ИЖ-18» маркалы бір ауызды тегіс ұңғылы шолақ мылтық табылды.
Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Жалпы, ағымдағы жылдың қаңтар айында ғана республиканың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері қару-жарақ сақталған бес жасырын орынды тапты. 6 тегіс ұңғылы қару, 3 тапанша, 3 кесілген шолақ мылтық, 2 газ тапаншасы, бір карабин, әртүрлі модификациядағы 10 граната, 400-ден астам патрон тәркіленді.
- Барлық деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-баллистикалық сараптамалар жүргізілуде. Полиция департаменті қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру, сондай-ақ қарудың орналасқан жері туралы ақпарат беру, егер басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, заң бойынша жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.
Анонимділікке кепілдік беріледі,- деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024