Жамбыл жаңалықтар
Таразда қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда
- авторjambylinfo.kz
- 21 сәуір, 2023
- 246
Таразда қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда
Таразда қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда
Бүгінгі таңда сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл ретте ҚАЖ қызметкерлері өңір-өңірлердегі жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізуде. Соның нәтижесінде түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер мемлекет пен жәбірлеуші алдындағы қарыздарын жабуға мүмкіндік алып, өз отбасыларына да қаржылай көмек көрсетуде.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі 146 сотталған азамат «екі қолға бір күрек» тапқан. Жазасын өтеушілердің басым бөлігі «Компания Самұрық», «Villa строй» серіктестіктерінде еңбек етеді. Бұдан бөлек, «Запчасть» пен «Ержан» жеке кәсіпкерлігінде жұмыс істейтіндері де жетерлік.
Айта кетейік, қолданыстағы заңға сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен мекемедегі жазасын өтеушілердің мекеме аумағынан тыс жерлерде еңбек етуіне рұқсат етілген. Ал, олардың заңға қайшы әрекеттері бармауы үшін тиісті бақылауда орнатылған. Дәлірек айтқанда, мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері жұмыс орындарына тұрақты барып, сотталғандардың жұмыс орындарында бар-жоғын тексереді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз