бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 12:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда кәмелетке толмағандар арасындағы жасалған қылмыстар саны 54 пайызға өскен

Жамбылда кәмелетке толмағандар арасындағы жасалған қылмыстар саны 54 пайызға өскен
ашық дереккөзі
Жамбылда кәмелетке толмағандар арасындағы жасалған қылмыстар саны 54 пайызға өскен
Жасөспірімдермен жасалатын қылмыс дерегі Жамбылда азаяр емес. Жас буын көбінесе бөтеннің мүлкін ұрлауға бейім. Есірткіге есі кеткендер санының артуы да алаңдатады. Депутаттарды дабыл қақтырған бұл мәселе бүгін мәслихаттың кезекті сессиясында қаралды.  width= Жалпы, Жамбылдағы заң бұзушылықтардың алдын алу мен болдырмаудың бір жолы – материалдық техникалық базаны нығайту дейді көпшілік. Бірақ бес миллиардтан астам қаржы бөлінетін бұл саланың жағдайы әлі де мәз емес. Проблема көп, оң нәтиже жоқ. Мінберге шығып, мәлімдеме жасаған шендінің баяндамасы жаға ұстатарлық. Кәмелетке толмағандар арасындағы жасалған қылмыстар саны 54 пайызға, бұрын сотты болғандармен жасалған заң бұзушылықтар 8 пайызға өскен. Жасөспірімдер қылмыстылығы өзекті мәселенің бірі қазір. Есепті кезеңде 122 қылмысты  жасаған 131 жастың 41- і мектеп оқушысы. 46-сы еш жерде оқымайтындар. Таразда зорлау фактісі де көбейген. 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түскендер, жастардың синтетикалық есірткіге тәуелділігі алаңдатады. Нашақорлар саны 2,7 пайызға өскен. Салада проблема аз емес. Мектеп инспекторлары жетіспейді деп жырлағалы жылдардың жүзі болды. Мәселе түпкілікті шешілген жоқ. Ал жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршімесе, азаймады. Полиция жаңа формаға көшті деп қуандық. Алайда,  қуаныш су сепкенлей. Сапасыз болғандықтан,  қызметкерлер төзімдісін  сатып алуға мәжбүр. Жетіспейтіні тағы бар. Полиция болуға ниетті жастар көп, бірақ қызметке кірудің талабы таудан биік. Жылына  5 млрд –тан кем бөлінбейтін саланың материалдық-техникалық халі әлі де мүшкіл. Құқық бұзушылық мәселесіне мұрнын шүйіріп қарайтын әкімдер де бар. Арнайы комиссия отырысына  төрағасы бола тұра қатыспайтын деректер депутаттар назарынан тыс қалмаған. Бүгін депутаттар ерекше белсенді. Бірталай дерек пен дәйекті келтірді, әкімдер мен жауаптылардың алдына түрлі түйткілді тікесінен ұсынды. Әлбетте, мәселе ортақ. Шешу баршаға аманат.  width= Атқарушы билік тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, бар саланы дамытуда бірлесе шешуге бейіл. Ендігі кезекте көтерілген проблемалардың сөз жүзінде қалмай, іс жүзіне асуы – маңыздырақ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар