Таразда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өтеді
- авторИндира Тәліпқызы
- 29 мамыр, 2024
- 685
Бүгін Тараздағы «Қоғамдық келісім» үйінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Тіл саясаты комитет» өкілдері, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық-ғылыми практикалық орталығы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, тіл жанашылары мен ұстаздар қатысады деп күтіліп отыр.
Форумның мақсаты - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету.
Жиынның ашылуында Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Сондай-ақ, форум барысында мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің басқарама басшысы Талғат Жакенов, Филология ғылымдарының докторы, ғалым Шерубай Құрманбайұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы баяндама жасайды деп күтілуде.