дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қызым жылда гүлімен келіп құттықтайтын еді». Салтанат Нүкенованың анасы туған күнінде аянышты жазба қалдырды

«Қызым жылда гүлімен келіп құттықтайтын еді». Салтанат Нүкенованың анасы туған күнінде аянышты жазба қалдырды
Сурет: .instagram.com
Жұмагүл Нүкенова күні кеше туған күнін атап өтті

Марқұм Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында туған күніне байланысты аянышты жазба қалдырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ол қызы тірі кезінде былтыр да туған күнімен құттықтай алмағанын, ал, биылғы туған күнінде өмірде жоқ екенін еске алып, жылады.

«Жылда қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын. Жыл сайын Астанадан ұлым мен қызым жетіп келіп, тосын сый жасайтын еді. Былтыр олай болмады, биыл да олай емес, енді ешқашан олай болмайды», - деп жазды анасы.

Дегенмен, желіде Жұмагүл Нүкенованы қолдау акциясы өтіп, Салтанатты таныған адамдар оның мекен-жайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнаған.

«Сіздердің мейірімдеріңіздің арқасында Салтанатымның жылуын сезінгендей болдым, көп рақмет», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Нүкенова 2023 жылдың 9 қарашасы күні экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан болатын. Сот Бишімбаевты 24 жылға соттады. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар