Таразда БАҚ өкілдері арасында «Таза қала, таза болашақ!» байқауы жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:47
- 98
"Жасыл ел - Тараз" мекемесі БАҚ өкілдері арасында «Таза қала, таза болашақ!» атты байқау жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалпы жүлде қоры – 2 миллион теңге.
Байқаудың басты мақсаты – шаһарымыздағы тазалық пен тәртіпті күн сайын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегін насихаттау. Сонымен қатар, Тараз қаласының, оның шет аймақтары мен елді мекендерінің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету тақырыбын ашуға бағытталған.

Оның ішінде қоқысты жинау және шығару, көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарлар мен басқа да қоғамдық орындарды қолмен және механикалық тазалау, су басқан аумақтардан суды шығару (жылжымалы сорғы қондырғыларын пайдалану арқылы), арық-атыздар, су айдындары мен канал жағалауларының тазалығы сияқты жұмыстарды қамтиды.
Байқауға өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатыса алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Үздік телевизиялық материал»;
«Әлеуметтік желілердегі үздік бейнеролик»;
«Баспа басылымындағы үздік мақала»;
«Интернет басылымындағы үздік жарияланым».
Байқауға 2026 жылғы 1 сәуір мен 19 маусым аралығында шыққан материалдар қабылданады. Байқауға ұсынылатын материалдар саны шектелмеген.
Жұмыстарды тәуелсіз комиссия бағалайды. Комиссия құрамына коммуналдық сала мамандары мен тәжірибелі журналистер кіреді.
Қазылар алқасы төмендегі критерийлерге сүйене отырып бағалайды:
Берілген тақырыптың өзектілігі және сәйкестігі;
Тақырыпты ашу тереңдігі және ұсынылған ақпараттың шынайылығы;
Баяндау стилі, материалдың ішінде сала қызметкерінен сұхбат немесе портреттік жанр болуы;
Авторлық пайымның бірегейлігі. (Туындының ешкімнен көшірілмеген, автордың жеке көзқарасы, креативті ойлауы мен жаңашыл идеяларын көрсететін басты шарты)
Байқауға қатысу үшін материалдар келесі электронды пошта арқылы қабылданады: taraz.media20@gmail.com
Байланыс нөмірі: +7 700 361 68 71
Жұмыстарды қабылдау уақыты: 2026 жылғы 19 маусым, сағат 18:00-ге дейін.
Байқау қорытындысы 2026 жылғы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жарияланады.





