Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:02
- 85
Синоптиктердің мәліметінше, өңірдің бірқатар бөлігінде жауын-шашын, желдің күшеюі және табиғи құбылыстар байқалуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Ал түнгі және таңғы уақытта осы аймақтарда тұман түсіп, көріну қашықтығының төмендеуі ықтимал.
Сонымен қатар, облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде, әсіресе оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Мамандар өңірдің орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталатынын да ескертеді.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жамбыл облысы тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.





