жексенбі, 22 маусым, 2025 19:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда бір мезетте жүз студент Әнұран шырқады

Таразда бір мезетте жүз студент Әнұран шырқады
Фото: Jambylinfo.kz
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Тараз қаласында ерекше патриоттық акция өтті.

"AMANAT" партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының ұйымдастыруымен Mart сауда ойын-сауық орталығында бір мезетте жүз студент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен елге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Бұл патриоттық акцияға Тараз қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алып жатқан белсенді жастар қатысты.

Игі бастама қала тұрғындары мен орталыққа келушілердің назарын аударып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – жастарды ұлттық құндылықтарға баулу және мемлекеттік рәміздердің мән-маңызын терең ұғындыру бағытындағы жоспарлы жұмыстардың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта да осындай патриоттық шаралар жалғасын табатын болады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар