Жамбыл жаңалықтар
Таразда ер адам колония аумағына 8 телефон өткізбек болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 ақпан, 2025
- 903
Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды. Ол бұрын сотталған.
8 телефонды Тараздағы колонияның қоршауы арқылы өткізуге әрекет жасалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы бұрын сотталған азаматты ұстады. Ол екі түйіншекті өткізуге әрекет жасаған. Тексеру кезінде түйіншектердің ішінде 8 телефон болғаны анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді. Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026





