жексенбі, 16 наурыз, 2025 16:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» тақырыбында этножәрмеңке өтті

Таразда «Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» тақырыбында этножәрмеңке өтті
Фото - ашық дереккөз
Кеш Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Тараз қаласындағы №2 орта мектебінің ардагер-ұстаздарының қатысуымен «Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» тақырыбында этножәрмеңке өтті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кеште ұлағатты ұстаздарға шексіз құрмет пен алғыс білдіру мақсатында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ардагерлер арнайы шақырылды. Оқушылар мен жас ұстаздар кітапхана залында ардагер-ұстаздарға ризашылықтарын білдірді.

Алғашқы құттықтау сөзді мектептің кәсіподақ ұйымының мүшесі Спатова Айнар Амангелдіқызы бастады.

Қалалық Ардагерлер кеңесінің білім саласы бойынша тұрақты комиссия мүшесі Ералиева Несібелі Ералықызы мен ардагер ұстаз Омарова Алма Ерғалиқызы жас ұстаздарға алғыстарын айтып, ұстаздық жолындағы естеліктерімен бөлісті.

Жас ұстаз Шолахова Карлыға Дүйсенбекқызы мен 4–5-сынып оқушылары ардагерлерге арналған өлеңдер оқып, ән шырқап, би билеп, ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ жас ұстаздар ардагерлерге сұрақ қойып, олардың ақыл-кеңестерін тыңдап, білімі мен тәжірибесін арттыруға ниетті екенін білдірді.

Кеш соңында оқырман қауым қазақ еліне деген ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдірді. Кітапхана қызметкерлері де әсерлі әндер орындап, кештің шырайын кіргізді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар