жұма, 22 қараша, 2024 7:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда ескі үйлерді қайта жөндеуден өткізу үшін 5,8 млрд теңге қаражат бөлінген

Таразда ескі үйлерді  қайта жөндеуден өткізу үшін 5,8 млрд теңге қаражат бөлінген
Коллаж: Ернар Балғабай
Бұл қаражатқа бас-аяғы 53 үйді жөндеуден өткізу көзделіп отыр

Облыс орталығы Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге республикалвқ бюджеттен 5 млрд 86 млн қаражат бөлінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Аталған қаржыны игеру мақсатында 53 үйді жөндеу көзделіп отыр.

«Жалпы бізде Тараз қаласында тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымдарды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бар. Бүгінде осы 2024 жылғы республикалық бюджетке 63 үйді ұсынған болатынбыз. Соның ішінде 53 үй қолдау тауып отыр. Бұл 53 үйдің жалпы құны 5 млрд 86 млн теңгені құрады. Жыл соңына дейін бұл жұмыстарды аяқтау көзделген», - дейді қала әкімнің орынбасары Қайрат Исмаил. 

Сондай-ақ, Тараз қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» аясында  2011 жылдан бері осы уақытқа дейін жалпы саны 484 көпқабатты тұрғын үй күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен.

«Осы он екі жылдың ішінде республикадан және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат  16,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл жоба әрі қарай жалғасың табады. Келесі жылға жергілікті бюджеттен жобалық сметалық құжаттамасың әзірлеуге қаражат қарастырып, 63 үйдің жобалық сметалық құжаттамасың дайындап отырмыз. Айта кететін бір жағдай, мысалға былтырғы жылы тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеді. Дегенмен кезек күттірмейтін үйлерді жөндеу бойынша шешім қабылданып, тұрғын үй жөндеу жшс мекемесіндегі айналым қаражат есебінен 13 үй жөнделген болатын», - деді қала әкімінің орынбасары. 

Айта кетейік, бүгінгі күні шаһарда 619 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы мәселеге қатысты қойған сұрағымызға жауап берген Қайрт Исмаил басымдық кезектен тыс жөндеуді қажет ететін үйлерге беріледі дейді. 

«Әрине қазір тұрғындар тарапынан көпқабатты үйлерді жөндеу бойынша көптеген өтініштер түсіп жатыр. Біз басты басымдықтарды кезектен тыс жөндеуді қажет ететін үйлерге беруге тырысып отырмыз. Ал бұндай жағдайдағы үйлер бізде 619-ды құрайды.  Десе де бұл үйлер кезең-кезеңімен жөнделетін болады. Солай бірте-бірте кезекке де қойылатын болады»- деді Қайрат Исмаил.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар