дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ұялы байланыс операторларына 75 млн теңге айыппұл салынған

Жамбыл облысында ұялы байланыс операторларына 75 млн теңге айыппұл салынған
Коллаж: Ернар Балғабай
Жамбылда облысы қашан сапалы интернетпен қамтылады?

Биыл облыста 3 байланыс операторы 113 жаңа базалық станция орнатады. Бұл туралы облыстық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақайби Әбдіразақ айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Ақайби Әбдіразақтың айтуынша, бүгінгі күні облыста 367 елді мекен болса, оның ішінде 245 ауылдық елді мекен 4G жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. Ал, 199 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген.

"Бүгінгі күні 367 елді мекеннің ішінде 52 елді мекен  2G төмен жылдамдықты мобильді интернетпен, 70 елді мекені  3G, ал 245 елді мекен 4G жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.  Халқы 250 адамнан кем елді мекендер саны 67 елді мекенді құрайды, оның ішінде 29 елді мекен 2G төмен жылдамдықты мобильді интернетпен, 16 елді мекен 3G, ал 22 ауыл 4G жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтылған",- деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Басқарма өкілі берген мәліметке сүйенсек, өткен жылы облыста байланыс операторлары есебінен 94 елді мекенде базалық станция орнатылған. Бірақ, талшықты-оптикалық желілерді төсеу жұмыстары мүлде жүргізілмеген. Ал, биыл облыста 3 байланыс операторы 113 жаңа базалық станция орнатады. Сонымен қатар, 30 елді мекен талшықты оптикалық желімен қамтылады.

Жол картасына сәйкес 2024 жылы талшықты-оптикалық желілерді 30 елді мекеннің байланысымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ұялы байланыс операторларының 2024 жылға арналған жоспарлары бар. Мәселен, "Кар-Тел" ЖШС - 48 жаңа базалық станция, "Кселл" АҚ - 25 жаңа базалық станция, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-44 жаңа базалық станция орнатады,- деді Ақайби Әбдіразақ.

Жамбылда тұрғындар тарапынан сапасыз интернет пен «тасбақа» сияқты баяу байланысқа шағым көп. Тіпті облыс орталығында да бұл проблема өзекті. Өңіраралық байланыс инспекициясының басшысының сөзіне сенсек, сапасыз жұмысы үшін өткен жылы бірқатар байланыс операторларына айыппұл салынған.

"Өткен жылы жалпы 19 тексеру жүргізілді. Заң бұзғаны туралы 19 ұйғарым берілді. Тексерудің нәтижесінде жалпы сомасы-77 625 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы, заңды және жеке тұлғалардан 265 өтініш келіп түсті, олар ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде қаралды,- деді Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы",- дейді республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Тоқтағұлов.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар