дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әзіл үшін Жамбыл облысының полицейлерін «мазалаған» екі жасөспірім анықталды

Әзіл үшін Жамбыл облысының полицейлерін «мазалаған» екі жасөспірім анықталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ақтөбеде тұрғындары неге дәл Жамбыл облысының полицейлеріне қоңырау шалғаны белгісіз

Жамбыл облысының полиция қызметкерлеріне жалған ақпарат берген екі бала анықталды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Полицейлерді жаңылыстыру үшін қоңырау шалған балалар Ақтөбе қаласының тұрғындары болып шықты. Анықталғандай, оқушылар полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін әзілдеп қоңырау шалған.  

«Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы "Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды»- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар