жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда көпқабатты үйдің шатыры өртенді

Таразда көпқабатты үйдің шатыры өртенді
ашық дереккөзі
Таразда көпқабатты үйдің шатыры өртенді

Тараз қаласындағы "Арай-2" иінінде ораласқан көпқабатты үйдің шатыры өртке оранды. 15 сағат 06 минутта шұғыл қызмет телефонына пәтердің біріңдегі қылтиманың жануы туралыхабарлама келіп түскен. Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчерлері өртке қарсы қызмет гарнизонының шығу кестесіне сәйкес оқиға орнына дереу күштер мен құралдарды жөнелткен.

Өртке қарсы қызмет гарнизонының шығу кестесіне сәйкес 10 бірлік техника және өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің 42 адам жеке құрамы жіберілді. Сондай-ақ өрт оқиғасы орын алған аумақта Жедел-құтқару қызметінен 4 қызметкер мен 1 дана техника, Медициналық апаттар орталығы филиалынан 3 адам және 1 техника, жалпы оқиға орнында барлығы Жамбыл облысы ТЖД 49 адам мен 12 дана техника жұмылдырылған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 50 адам қауіпсіз орынға көшірді. Мамандардың шапшаң әрі ұйымдаса атқарған әрекетінің арқасында өрт 29 минутта жойылды. От ауданы 60 шаршы метрді шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар