дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда құны бір миллион теңгеден асатын электронды темекі тәркіленді

Таразда құны бір миллион теңгеден асатын электронды темекі тәркіленді
Фото - ашық дереккөзден
Бұл 113 электрондық вейп

Таразда "Қарасора-2024" іс-шарасы барысында шекпейтін темекі өнімдерін сататын "Smoking shop" жерасты дүкені анықталды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Құзырлы органның дерегіне сүйенсек, 8000 рет ішке тартатын "Waka" маркалы электронды темекінің 1 данасының бағасы 10000 теңгеден сатылады. Тінту барысында мұндай 113 электрондық вейп  табылып, тәркіленген.    

45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

  • Шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген,- деді  ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар