"Ұлымыздың фильмі": Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева бірге киноға түсіп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 19 шілде, 2024
- 2.0k
Алматыда жас кино режиссер Асылжан Әбдімүтәлінің "Көке" фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Басты рөлдерді Асылжанның ата -анасы Сәбит Әбдіхалық пен Айгүл Иманбаева сомдап жатыр, деп жазады Jambylinfo.kz.
Ақжолтай жаңалықты актриса, әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасына жазған.
«Менің продюсерлігіммен ұлымыз Асылжан режиссердің еліміздегі абсурдтық комедия жанрындағы ең алғашқы туындының түсірілімі ресми түрде басталды», - деп жазды актриса.
Ал белгілі продюсер Баян Мақсатқызы түсірім ортасында жүргенін атап өтіп, экс жұбайлар Сәбит Әбдіхалық пен Айгүл Иманбаеваның қарым-қатынасына, өзара сыйластығына тәнті болғанын жасырмаған.
“Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы әйелімен бірге киноға түсіп жатыр. Не деген сыйластық! Сәбит мырза қазақ демографиясына үлес қосып жүр. Ол 7 баланың әкесі”, – деп жазған ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз