жұма, 22 қараша, 2024 13:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда оқушылар ауызашар уақытында дәмханаларда жарапазан айтып, ақша сұрап жүр (Видео)

Таразда оқушылар ауызашар уақытында дәмханаларда жарапазан айтып, ақша сұрап жүр (Видео)
Коллаж: jambylinfo.kz
Тараз қаласындағы дәмханаларда бастауыш сынып оқушылары кешкі уақытта жарапазан айтып, акша табуды әдетке айналдырған, деп жазады jambylinfo.kz.

Қас қарайғанда 8-9 жас шамасындағы балалардың ата-анасының қараусыз қоғамдық орындарында жүруі заңға қайшы екені белгілі.

Осыған байланысты біз оқиға болған  «Шербет» дәмханасының әкімшілігіне хабарласып, оқиғаға қатысты ақпарат сұрадық. Анонимді түрде сұхбат берген әкімші мәлім еткендей, дәмханаға күн сайын 8-9 жас шамаларындағы балалар келеді екен. 

“Балалардың үсті-басы кір, қанша қусақта келе береді. Қонақтарымыздың  әбден мазасын алып бітті”,-дейді әкімші. 

Ал видеоны түсіріп, редакциямызға жолдаған оқырман “балалардың дәмханада жарапазан айтып, елдің мазасын алуы қаншалықты дұрыс, көпшілік орындарда жарапазан айту балаларды қайыршылыққа тәрбиелемей ме?” деген ойын жеткізді. 

Айта кетейік, жарапазан дегеніміз -   «Жә-Рамазан»,  яғни арапша «Рамазан келді» деген сөзден шыққан ұлттық фольклордың бірі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан айтады.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар