дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда қазақ тілінде білім беретін мектеп саны 327-ге жетсе, орыс тілінде білім беретін мектеп саны 15-тен 4-ке азайған.

Жамбылда қазақ тілінде білім беретін мектеп саны 327-ге жетсе, орыс тілінде білім беретін мектеп саны 15-тен 4-ке азайған.
jambylinfo.kz.
«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиында облыстағы мемлекеттік тілдің бизнес пен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданылу аясы қаралды, - хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазір облыста мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 93,6 пайызды құрайды. Дейтұрғанмен бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының еркін жазып, сөйлей алатын деңгейге жеткенін білдірмейді. Соңғы халық санағының қорытындысы бойынша тұрғындардың 74 пайызы мемлекеттік тілді толық меңгерген.Іс жүзінде қазір этнос өкілдерінің өзара сөйлесу тілі – орыс тілі. Өзге этностар арасындағы қазақ тілін меңгеру деңгейі 77 пайызды құрап отыр.

Бүгінгі таңда балабақшаларда мемлекеттік тілде тәрбиеленушілердің саны 90,1 пайызға жеткен. Облыстағы таза қазақ тіліндегі мектептер саны артып, 327-ге жетсе, орыс тілінде білім беретін мектеп саны 15-тен 4-ке азайған.

Кеңес отырысында өңірдегі тіл оқыту орталықтарынддағы бірқатар олқылықтар айтылып, жөнге келтіру туралы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар атауларының бейберекетсіз жазылатыны да күн тәртібіне шығарылып, басқарма басшысына ұсыныстар жеткізілді.   

Айта кету керек, Президент қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ең алдымен, қазақ тілінің қолданыс аясын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға басымдық берген жөн. Оның ішінде білім беру ісіндегі, технологиядағы және медиа саласындағы қазақша контент пен цифрлық өнімдерді әзірлеуге айрықша мән беру қажет. Сонымен қатар Президент әртүрлі әлеуметтік топтардың, оның ішінде жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған шаралардың қажеттілігіне ерекше тоқталған еді.   

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар