Жамбыл жаңалықтар
Таразда сауда орталығынан жарылғыш зат табылған жоқ
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қаңтар, 2026
- 219
Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
4 қаңтар күні Тараз қаласындағы «Mart» сауда орталығына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы полицияға хабарлама түскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында жарылғыш заттар анықталған жоқ, сауда орталығы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: террористік қатерлер туралы көрінеу жалған хабарламалар тарататын адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады", – делінген хабарламада.
Келесі мақала






