сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 12:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өсті

Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өсті
istockphoto.com
Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүзеге асырылды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақылар 10%-ға көбейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүзеге асырылды.

Базалық зейнетақы

Ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге,

ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 118%-ына дейін өсіп, 60 005 теңгені құрады.

Бала тууына байланысты жәрдемақылар

• 1, 2, 3 бала туған кезде – 164 350 теңге

• 4 және одан көп бала туған жағдайда – 272 475 теңге

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы

• 4 баласы бар отбасыларға – 69 330 теңге

• 10 баласы бар отбасыларға – 173 000 теңге

Мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы

• I топ – 111 872 теңге

• II топ – 89 498 теңге

• III топ – 61 021 теңге

Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға артты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар