Жамбыл жаңалықтар
Таразда сотталған ер адам полицейлерден қашып кеткен
- авторjambylinfo.kz
- 10 тамыз, 2021
- 188
Таразда сотталған ер адам полицейлерден қашып кеткен
Жамбыл облысында сотталған ер адам, полицейлерден қашып кеткен. Ол үш күннен кейін табылды.
Тараз қаласының 26 жастағы тұрғыны Иван Юрьевич Зозуля жазасынан ерте босатылуына байланысты белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін Тараз қалалық №2 соты оны 2 жыл 10 ай 17 күн мерзімге қамаққа алу туралы үкім шығарған. 5 тамыз күні сағат 17:30 шамасында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 158/1 мекемесіне айдауылдау барысында, И.Зозуля белгісіз бағытта қашып кетіп, бой тасалауға тырысқан. «Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 8 тамызда сағат 21.00 шамасында сотты болған Зозуля Тараз қаласының
«Қарасу» шағынауданынан ұсталды. Осы факті бойынша ҚК 426-бабымен, яғни, күзеттен қашқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген ведомство хабарламасында.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады және тергеу изоляторына қамаққа алынды. Айта кетейік, Зозуля 2012 жылы заңсыз қару сақтағаны және есірткі заттарын сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала