жексенбі, 24 қараша, 2024 3:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі артты

Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі артты
ашық дереккөзі
Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі артты
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
2017 жылы Middle Corridor бойынша тек 0,3 мың контейнер өткізілген. 2018 жылы тауар тасымалы 3,9 мың ЖФЭ-ге дейін өсті. 2019 жылы бұл көлем тағы 2 есеге артып, 7,4 мың контейнерді құрады. Экспорттық жүк тасымалдарының өсуіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың мұнай өнімдерін, дәнді және бұршақ дақылдарын, минералдық тыңайтқыштарды, картоп, ет, қант, түсті және қара метал, мақта, өсімдік майы, шикі қант, жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдері, құс еті, тоқыма, полипропиленді, сондай-ақ контейнерлердегі жүктерді Өзбекстанға және Өзбекстаннан еліміз арқылы транзитпен тасымалдауға қолайлы тарифтік жағдайлар ұсыну туралы шешімі әсер етті. Пандемияның басталуы Қауымдастық мүшелерінің жоспары мен құрылған логистикалық байланыстарға айтарлықтай әсер етті. Алайда, контейнерлік тасымалдардың өсуі осы күрделі жылда да тоқтаған жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда 9% немесе 8,1 мың ЖФЭ артты. 2021 жылы ТХКБ бағытындағы жүк тасымалы қайта жанданды. Бірінші жартыжылдықта 7,4 мың контейнер тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңнен 2,3 есе артық. Бес жыл ішінде, 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бағыт бойынша 3,9 млн тоннадан астам сыртқы сауда жүгі, оның ішінде 20 футтық баламада 71 мың контейнер тасымалданды. Оның 2,1 млн тоннасы - экспортталған Қазақстан өнімдері.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар