дүйсенбі, 16 маусым, 2025 7:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда суару жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылуда

Таразда суару жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылуда
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтың тапсырмасына сәйкес, облыс орталығында суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы шаралар облыс орталығын дамытудың үш жылдық жоспарына енгізілген және ерекше маңызға ие.

Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

- 2023 жылы осы жоспар аясында жалпы ұзындығы 30,2 шақырым болатын суару жүйесі жаңартылды. Құрылыс жұмыстары Ақбұлақ, Салтанат, Қарасу, Талас, Самал, Алатау және Мыңбұлақ шағынаудандарында жүргізілді. 2024 жылы жұмыстар жалғасын тауып, 12 шақырым лоток желісі орнатылды. Ал биыл жалпы ұзындығы 17 шақырымды қамтитын суару жүйесін жаңарту көзделген. Бұл жұмыстар Желтоқсан, Қазыбек би, Төле би, Байзақ батыр, Сүлейменов көшелерінде, сонымен қатар Қаратау, Жайлау, Аса, Жансая шағынаудандары мен Химпоселок тұрғын алабында жүзеге асады. Ауқымды жобаны іске асыру 2027 жылға дейін жалғасады, - делінген хабарламада.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар