дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 19:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда Тәуелсіздік күніне арналған кеш өтті

Таразда Тәуелсіздік күніне арналған кеш өтті
Фото - ашық дереккөз
Кеш барысында Желтоқсан оқиғасының символына айналған «Желтоқсан желі» әні шырқалып, рухани кештің мазмұнын одан әрі байыта түсті.

Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты жыр шеру кеші өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тағылымды шара басталмас бұрын қатысушылар қазақ халқының азаттығы мен рухани еркіндігі жолында құрбан болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһармандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл – өткенін ұмытпай, бабалар рухына тағзым ете білетін бүгінгі ұрпақтың отансүйгіштік рухының айқын көрінісі болды.

Кешке Желтоқсан оқиғасының тікелей куәгерлері – «Желтоқсан86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бас дәрігері  Мұрат Бердалиев Әзімханұлы, «Үміт» бөбектер үйінің әдіскері, бірлестік төрағасының орынбасары  Света Иманқұлова Үдербайқызы, сондай-ақ Республика партиясының өкілі, тарихшы Құттыбек Әшірхан Нұрғалиұлы арнайы шақырылды.

Қонақтар 1986 жылдың қасіретті желтоқсанында әділетсіздікке қарсы шыққан, қолында қаруы жоқ, бірақ жүрегінде намыс пен оты бар қазақ жастарының қайсар мінезі мен өр рухы жайлы естеліктерімен бөлісті. Сол бір зұлмат күндердің ауыр шындығы мен жазықсыз жапа шеккен жастардың тағдыры қатысушыларға терең әсер қалдырды.

Шара соңында кітапхана қызметкерлері қонақтар мен көрермендерге алғыс білдіріп, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұрпақ жадында сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар