Жамбыл жаңалықтар
Таразда түзеу мекемесінде «Алтын күз - 2021» мерекесі аталып өтті
- авторjambylinfo.kz
- 9 қараша, 2021
- 190
Таразда түзеу мекемесінде «Алтын күз - 2021» мерекесі аталып өтті
Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі сотталған азаматтар «Алтын күз - 2021» мерекесін атап өтті. Салтанатты шара барысында мекемеде жазасын өтеушілер өз өнерлерін ортаға салды.
Кезең-кезеңімен өткен сайыс барысында қатысушылардың барлығы делік белсенділік танытып, күз туралы жырдан шашу шашты. Мерекенің өтуіне ұйытқы болған мекеме басшылығы мұндай шаралар сотталғандардың қоғамнан сырт айналмауына өз септігін тигізетінін жеткізді.
- Жаза басып, жаңылған осылайша сотты болғандардан қоғам сырт айналмаса дейміз. Біз олардың қоғаммен байланыс үзбеуі үшін жүйелі түрде түрлі мәдени-спорттық шараларды өткізіп тұрамыз. Бұл өз кезегінде жазасын өтеушілердің түзелу жолына түсуіне септігін тигізеді, - дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Оңбаев.
Айнұр Ахашева,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет майоры
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Сотталғандардың денсаулығы бақылауда ұсталады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024