жексенбі, 5 сәуір, 2026 12:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Таза Қазақстан» аясында 10 мың түп ағаш отырғызылды

Таразда «Таза Қазақстан» аясында 10 мың түп ағаш отырғызылды
Фото: Ақәділ Рысмахан
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпыхалықтық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сенбілік аясында «Қызылабад» алқабына 10 мың түп қаратал егілді. Жалпы, биыл бұл аумақта 20 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Игі шараға 600-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында түрлі мекеме қызметкерлері, жастар және қала тұрғындары бар.

Сондай-ақ, «Қарасу-2» каналының бойында тазарту жұмыстары жүргізіліп, аумағы ретке келтірілді. Қала тұрғындары қоқыстарды жинап, қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосты.

Айта кетейік, мұндай игі бастамалар облыстың барлық аудандарында жалғасын тауып, өңірде «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүзеге асуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар