жексенбі, 5 сәуір, 2026 18:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада Геологтар күніне орай үздік сала мамандары марапатталды

Астанада Геологтар күніне орай үздік сала мамандары марапатталды
gov.kz
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елордада Геологтар күніне орай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында Геологтар күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында елдің геология саласын дамытуға және минералдық-шикізаттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосқан үздік мамандарға құрмет көрсетілді.

Үздік кәсіби мамандары "Еңбек сіңірген геолог" құрметті атақтарына ие болды, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрінің құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар отандастарымызға геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу қызметі және ресурстық базаны дамыту бойынша жоғары жетістіктері үшін табысталды.

Салтанатты рәсім Қазақстан экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін аса маңызды саналатын геологтардың еңбегін мойындаудың жарқын көрінісі болды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар