жексенбі, 5 сәуір, 2026 22:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайлық блогер Тао Минсю «Достық» орденінің II дәрежесімен марапатталды

Қытайлық блогер Тао Минсю «Достық» орденінің II дәрежесімен марапатталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан «Достық» орденінің II дәрежесімен марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қытайлық миллиондаған оқырманы бар блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю (Тао Тао) Қазақстан Республикасының Президенті атынан Қазақстанды Қытайдың медиа кеңістігінде ілгерілетуге, елдің мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградамен марапатталды.

Тао Тао – спорт, туризм және мәдениетті ұштастыра білетін жаңа буын digital-креатор өкілі. 2017 жылдан бері ат спортымен белсенді айналысып келеді, сондай-ақ кәсіби атқа міну дағдыларын қалыптастырған ат клубын құруға қатысқан. 2020 жылдан бастап блогер әлеуметтік желілерде саяхат, мәдениет және күнделікті өмір салты туралы контент жариялап келеді. Оның материалдары визуалды эстетикасымен және жоғары деңгейдегі продакшнымен ерекшеленеді. Instagram, TikTok, Douyin, Weibo және басқа да әлеуметтік желілерде шамамен 10 млн жазылушысы бар.

Тао Тао ШҰАР-дың ат спорты мәдениетін ілгерілету, Аньнин қаласының мәдени туризм, Үрімжі қаласының мәдени туризм саласындағы қоғаммен байланыс, сондай-ақ Чэнцзян қаласының мәдени туризм елшісі және Ахэци өңірінің имиджін ілгерілету жөніндегі құрметті елшісі. 2025 жылғы мамырда оған «Қазақстан туризмінің елшісі» құрметті мәртебесі берілді.

Тао Тао Қазақстанға алғаш рет 2024 жылғы қыркүйекте медиа-инфлюенсер ретінде келді. Содан бері ол Астана, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында болып, жалпы қаралымы 1 млрд-тан асатын 100-ден астам жарияланым дайындады.

Бұл марапат – оның заманауи цифрлық платформалар арқылы Қазақстанның мәдениетін, туризмін және халықаралық имиджін ілгерілетуге қосқан үлесінің белгісі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар