жексенбі, 5 сәуір, 2026 23:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азия чемпионаты: Айбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды

Азия чемпионаты: Айбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды
ҰОК
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында өзбекстандық Арман Махановпен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Айбек Оралбай 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) қарсыласы жарыстан бас тартқанына байланысты тікелей жартылай финалға шықты.

Ал Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар