Жамбыл жаңалықтар
Таразда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілуде
- авторБақытжан Бекболат
- 10 маусым, 2025
- 552
Шараның мақсаты - террористік сипаттағы түрлі қауіптердің жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.
Бүгін Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Дабыл-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Жаттығулар әртүрлі қиындық элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын. Оқу-жаттығу аясында халықтың және көлік құралдарының қозғалысын шектеу бойынша уақытша шаралар көзделген. Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", — делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025





