Таразда "Туған жерім менің – Қазақстаным!" атты патриоттық форум өтті
- авторИндира Тәліпқызы
- 4 маусым, 2024
- 670
Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форум өтті, хабарлайды jambylinfo.kz.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қоғам қайраткерлері, облыс және мәслихат депутаттары, қала тұрғындары және жастар қатысты.
Жиында құттықтау сөз алған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев патриоттық форумы Жамбыл облысының 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты.
«Мемлекеттік рәміздер кез-келген елдің егемендігі мен біртұтастығының айнымас бөлшегі. Халқымыздың тарихынан сыр шертетін рәміздеріміз – мемлекеттің бойтұмарына айналды. Сондықтан мемлекеттің басты нышаны елтаңба, гимн және туға құрмет көрсету әрбір азаматтың парызы. "Туған жерім менің – Қазақстаным!" атты жыл сайын өтетін дәстүрлі париоттық форумы биыл Жамбыл облысының 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінде облыста 87 ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Отанды құрметтеу – Мемлекеттік рәмізді құрметтеуден басталады. Ал бұл форум халқымыздың ауызбіршілігін нығайтуға зор үлес қосады деп сенемін»,-деген аймақ басшысы жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін атап өтіп, жастарды соға шақырды.
Форум жамбылдық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.