дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев үлкен байлығынан айырылды

Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев үлкен байлығынан айырылды
Фото: egemen.kz
66 миллион доллар болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды

Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың мүлкін заңсыз басып алуы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу үшін талап-арыз берілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Құны 66 миллион доллар болатын мұнай терминалын Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевтың компаниясы мемлекет меншігіне қайтарды. Аумағы 134 гектарды құрайтын терминал шетелдік инвестордың мүлкін заңсыз алып қою нәтижесінде келтірілген залалды өтеуге пайдаланылады.

2024 жылғы 26 ақпанда Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап арызы қанағаттандырылып, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Анықталғандай, 2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар