Тараздағы түрмеде білім күні атап өтілді. №58 түзеу мекемесі бастығының міндетін атқарушы Бекен Калимбетов сотталғандарды оқу жылының басталуымен құттықтады , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде білім күніне орай іс-шара өтті. Онда түрме басшысы сотталғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сана қоржыны сапалы біліммен толуына тілектестігін білдірді.
- Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елімізде ежелден игі дәстүр бойынша тойланып келе жатқан бұл мереке бізге көптеген жетістіктер мен жаңалықтар әкелетін жаңа оқу жылының басталуын білдіреді. Сондықтан зейінді арттырып, білімді толыстыру саналы адамның асыл борышы. Осы жолда сіздерге тек сәттілі тілеймін-, деді №58 мекеменің басшысы м.а. әділет капитаны Б.С. Қалымбетов.
Айта кетейік, аталған мекемеде оқуға құштар сотталғандардың 12 тобы бар. Олар күніне 5 пәннен білім алады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024