Тараздағы жаңа екі ауданның әкімдері белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 ақпан, 2025
- 904

Тараз қаласының «Әулиеата» ауданы әкімі міндетін атқарушы болып Медет Нурмаханов, «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушы болып Ержан Данаев тағайындалды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Медет Нұрмаханов Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды және осы аудан әкімінің уақытша міндетін атқару жүктелді.
Медет Сәбитұлы 1984 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2010 – 2017 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінде, Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,
2017 – 2025 жылдары Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызметтерін атқарған.
Ержан Данаев Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды және осы аудан әкімінің уақытша міндеттерін атқару жүктелді.
Ержан Әлімжанұлы 1983 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2005 – 2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары,
2015 – 2025 жылдары Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімі болып қызметтерін атқарған.