бейсенбі, 4 шілде, 2024 14:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда қырғыз этносының мәдениеті мен өнері күні өтті

Таразда қырғыз этносының мәдениеті мен өнері күні өтті
ашық дереккөзі
Таразда қырғыз этносының мәдениеті мен өнері күні өтті

Тараз қаласында «Жамбыл облыстық «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен  қырғыз этносының мәдениеті мен өнері күні өткізілді.

Шара барысында қоғамдық бірлестік төрағасы Сағымбек Мырзабеков  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік ұлттық бірегейлікті нығайту бағытында жұмыс жүргізу – бірлестіктің негізгі мақсаты екенін, қырғыз бен  қазақтың дәстүрлеріндегі ұқсастықтар және тамырластықты сақтау жөнінде  айтып өтті.

Қырғыз этносы күніне Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің өкілдері қатысып, бірлестіктің  жастар қанаты өз өнерлерін көрсетті.  Атап айтқанда, қомыз және домбыра аспаптарының сүйемелдеуімен «Арман-ай», «Жылқычының  ыры» әндері айтылып, «Манас» эпосынан үзінділер оқылды. Сондай-ақ, Қырғыз елінің жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туындылары жайында сөз қозғалып, жазушының «Қош бол, Гүлсары», «Ерте қайтқан тырналар» атты шығармаларынан үзінділер сахналанды.

Жиын соңында қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар