сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зауыттан 50 қорап медициналық халат ұрлаған азамат құрықталды

Зауыттан 50 қорап медициналық халат ұрлаған азамат құрықталды
ашық дереккөзі
Зауыттан 50 қорап медициналық халат ұрлаған азамат құрықталды

Ағымдағы айдың 27-нен 28-не қараған түні Жамбыл аудандық полиция бөліміне Айшабибі ауылында орналасқан «Супер-Фарм» ЖШС-нің басшылығынан зауыт аумағындағы қораптау қоймасынан 50 қорап медициналық халат ұрланғаны жөнінде хабарлама түскен.

Қылмыс нәтижесінде кәсіпорынға 1 млн. 797 мың теңге шығын келтірілген. Оқиға орнында қоймаға тиесілі бір ғана бейнекамера бақылауы болған. Қылмыскер камераның бетін бұрып, жымысқы ойын іске асырған.

Дегенмен сақшылар қылмыстың ізін суытпай бір күнге жеткізбей ашты. Күдікті 1999 туылған Айшабибі ауылының тұрғыны болып шықты. Ең сорақысы ол осы зауыттың жұмысшысы екені анықталды.

Қазіргі таңда аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне еніп, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, ұрланған медециналық заттар толығымен серіктестік иелігіне қайтарылды.

 

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар