жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында велошеру өтті

Таразда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында велошеру өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Облыс тұрғындары арасында ұйымдастырылған велошеруге 300-ден астам спорт сүйер адам қатысты

Тараз қаласында облыс тұрғындары арасында «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» қағидаты аясында кең көлемді велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты ашылу рәсіміне аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев қатысып, шараға қатысушыларға ізгі лебізін білдірді.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың заңға және қоғамдық тәртіпке деген құрметін арттыру, сондай-ақ тұрғындарды дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына баулу болды.

Велошеру таңғы сағат 09:00-де Тараз қаласындағы «Достық» орталық алаңынан басталып, «Қазақ хандығы» монументіне дейін жалғасты. Маршрут бойында қатысушыларға қолдау көрсетіліп, ұйымдастырушылар тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалады.

Жалпы жарысқа қатысушылар екі санатқа бөлінді: 40 жасқа дейін және 40 жасынан жоғары.

Жарыстың жеңімпаз жүлдегерлері:

40 жасынан жоғары (Ерлер):

І орын: Мазгутов М.

ІІ орын: Иманалиев Н.

ІІІ орын: Елеусізов Еу.

IV орын: Жабаев А.

V орын: Сапаргалиев А.

40 жасқа дейінгі (Ерлер):

І орын: Алиев Р.

ІІ орын: Ахмет С.

ІІІ орын: Буринков Е.

IV орын: Ермаков А.

V орын: Кириленко М.

40 жасқа дейінгі (Әйелдер):

І орын: Менебаева М.

ІІ орын: Байметова А.

ІІІ орын: Зинченко Р.

IV орын: Фомина К.

V орын: Ерастова Д.

Мәре сызығында үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс тұрғындары арасында ұйымдастырылған велошеруге 300-ден астам спорт сүйер адам қатысқан болатын.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар