ІІМ ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы кісі өлтіру қылмысын ашты
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 қараша, 2025
- 201
2016 жылы Астана қаласында аса ауыр қылмыс орын алды: 80 жастағы әйелді өлтіру. Қылмыскер зейнеткердің үйіне кіріп, оған зорлық-зомбылық көрсетіп, соққыға жыққан және жасаған қылмыс ізін жасыру үшін оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыс орнын қарау кезінде криминалистер көзге нашар көрінетін биологиялық іздерді тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Сол іздерден ДНҚ-код алынды. Алайда тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді, қылмыскер әділдік пен жазадан қашып жүрді.
Ішкі істер министрлігінің молекулярлық-генетикалық зертханасында бар заманауи технологиялар мен ДНҚ-дерекқоры арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша, 65 жастағы күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті қылмысын мойындады.
Министрлік өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жұмысын жалғастырады. Криминалистикалық құралдар қылмыскерді қылмыс жасалған уақыттан қанша жыл өтсе де, дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Осы мысал жазадан қашу мүмкін емес екенін көрсетеді, - деді ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бас криминалисі Айнұр Сәрсебаева.
Қазақстандықтар қараша айында қанша күн демалады
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






