Таразда жаңа инновациялық өнімдер көрмесі өтіп жатыр
- авторИндира Тәліпқызы
- 21 мамыр, 2024
- 604
Таразда өтіп жатқан ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы аясында инновациялық өнімдер көрмесі өтті, деп jambylinfo.kz.
Көрменде Қазақстандық ғалымдардың жаңа инновациялық жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, фармацевтика, қолөнер туындылары қойылды. Соның ішінде, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көрмеге 10 тарта өнім ұсынған. Атап айтқанда, қант диабетімен ауыратын адамдарға арналған тамақ өнімдері және ит, балықты қоректендіретін арнайы азық-түлік өнімдері бар.
Аталған институттың өкілі Бибігүл Жуырбаева өзі қызмет ететін мемлекеттен грант ұтып алғанын, қазір Қараой елдімекенде кинологтарды (иттерді) тамақ өнімдермен қамтамсыз етіп отырғанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстандық ғылымдарға мемлекеттен қолдау қажет.
Еске салайық, Таразда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы көрмесі өтіп жатыр. Оған Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Ақылбек Күрішбаев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев және белгілі ғалымдар қатысады.