бейсенбі, 3 сәуір, 2025 1:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жол ережесін бұзған бірнеше азамат жауапкершілікке тартылды

Таразда жол ережесін бұзған бірнеше азамат жауапкершілікке тартылды
Фото - ашық дереккөз
Оның бірі айыппұл арқаласа, бірі жүргізуші куәлігінен айырылды

Облыс орталығында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған бірнеше жүргізушіні анықтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тараз қаласының көшелерінің бірінде екі жолақты сызықты кесіп өтіп, жол ережелерін бұзған “Lada-21214” маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Сондай-ақ, бұл көліктің жүргізушісі көлігін қараңғылап жүргені анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 216 260 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, “Toyota Camry” маркалы автокөлігінің жүргізушісі тыйым салынған жерден бұрылыс жасағаны белгілі болды. Осы заң бұзушылығы үшін жүргізуші 6 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

- Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады, себебі жол ережелерін бұзу адам өміріне қауіп төндіреді және жол-көлік оқиғаларының жиілігін арттырады. Жол қозғалысы қауіпсіздігі баршаға ортақ жауапкершілік,- деп ескертті тәртіп сақшылары.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар