сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 22:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздықтардың назарына:  Кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

Тараздықтардың назарына:  Кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
Шу ауданының әкімдігі
Қызметтер Абай көшесі, 232 А мекенжайында, яғни  №3.ХҚКО-да  көрсетіледі

2025 жылғы 1 сәуірден бастап кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ал, Алатау ықшамауданы, 16А мекенжайында орналасқан ХҚКО әдеттегі жұмыс тәртібіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ке дейін қабылдайды.

Әдеттегі жұмыс тәртібінде ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгермейді: Қойгелді көшесі, 158А және Төле би көшесі, 198А. Олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жүзеге асырылады, ал сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ке дейін жұмыс істейді.

 

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар