жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Таразда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Фото - ашық дереккөз
Жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Мақсат – тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз ету.

  Қала аумағында жалпы ұзындығы 277,9 шақырымды құрайтын магистралдық және ішкі кварталдық жылу желілері бар. Оның ішінде «Таразтрансэнерго» МКК қарауындағы 229 шақырым желінің тозу деңгейі — 67,8%, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2023–2024 жылдары қала әкімдігі тарапынан жылу жүйесін жаңғыртуға арналған 20 жоба әзірленді. Ұзындығы 72,4 шақырым болатын 11 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы сұралуда.

Ағымдағы жылы 3 жоба қолдау тапты. Соның бірі – Сыпатай батыр, Төле би және Тұрысов көшелері бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңарту. Қазір 1536 метр құбырдың 1400 метрі жаңартылды.

Екінші ірі жоба – Жамбыл даңғылы, Қонаев пен Сейфуллин көшелерін қамтитын М-3 магистралін қайта жаңғырту. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусымында басталды. 

Бүгінде 625 метр ескі құбыр алынып, 340 метр жаңа құбыр салынды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар