Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында биыл құны 205,9 млрд. теңгені құрайтын 185 әлеуметтік нысан бой көтеруде
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 603
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жамбыл облысында биыл құны 205,9 млрд. теңгені құрайтын 185 әлеуметтік нысан бой көтеруде.
Өткен жылы 127,1 млрд. теңгеге 124 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Ал, 2025 жылы құны 205,9 млрд. теңгені құрайтын 185 жоба іске асырылуда.
Атап айтсақ, 52 көпқабатты тұрғын үй, 26 жаңа мектеп 9 денсаулық сақтау, 15спорт, 12 мәдениет,
5 ауылшаруашылық нысандары және 61 инфрақұрылым жобалары.
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды түрде кеңейіп келеді.
Жыл қорытындысымен бюджет қаражаты есебінен 257,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Нәтижесінде 3805 кезектегі отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,4%-ға артық
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026





