Таразда жылумен қамту жүйесі жаңғыртылуда
- авторБақытжан Бекболат
- 13 маусым, 2025
- 121

«Таразэнергоорталық» АҚ-ның мәліметінше, Т-1 110/35/6 кВ ашық тарату құрылғысындағы (АТҚ) күштік трансформаторы жаңадан іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жаңғырту – өңірдегі жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Кәсіпорынның 2025 жылға арналған негізгі жабдықтарды жөндеу кестесі әзірленіп, бекітілді. Жөндеу жұмыстары «Таразэнергоорталық» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 188,7 млн теңгеге негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстары қолға алынды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органның күтпеген шығындарға арналған резерві есебінен 360 млн теңге бөлініп, аталған қаражатқа Т-1 110/35/6 кВ ОРУ күштік трансформаторы сатып алынып, пайдалануға берілді.
Кәсіпорын қазіргі уақытта ұқсас техникалық және моральдық тұрғыдан ескірген Т-2 110/35/6 кВ ОРУ күштік трансформаторын істен шығу қаупінен сақтану мақсатында қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеуде. Бұл жобаны облыстық бюджет есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр.
Жылу энергиясын өндіру және жеткізу қызметтері бойынша да жұмыстар жалғасуда. Аталған бағытта 105,3 млн теңге көлемінде инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның ішінде №2 аккумуляторлық бактың түбін және АҚ-4 декарбонизаторын бөлшектеу және қайта құрастыру жұмыстары бар. Сонымен қатар, негізгі құралдардың құнын арттырмайтын жөндеу жұмыстарына 83,4 млн теңге қарастырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Алдын алу шаралары - өртті тұсаулау бойынша бас көмекші
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025