дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тарихқа тағзым». Жамбылда биыл музейге келушілер саны күрт көбейген

«Тарихқа тағзым». Жамбылда биыл музейге келушілер саны күрт көбейген
Фото - ашық дереккөзден
Биыл тарихи мұра толы нысанға 22 мыңға жуық адам келген

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сейітжан Ілияс музейге келушілер саны көбейгенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сейітжан Ілиястың сөзінше, алғаш рет 1931 жылы ашылған музей қорында қазіргі таңда 72 мыңнан астам бірегей және құнды жәдігерлер сақталған. Қор жыл сайын облыста жүргізілген экспедициялар мен зерттеулер нәтижесінде толықтырылып отырады. Жыл басынан бері мұнда 22 мыңға жуық адам келген. Сонымен қатар, 707 рет экскурсия жасалған. Музей директорының сөзінше, көшпелі көрмелер де ұйымдастырылған. 

-    Қазақстанның басқа музейлерімен өзара келісім негізінде жылжымалы көрмелер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойы және қазақтың халық ақыны, жырау, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану  музейінің филиалы Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан жасақталған «Ұлы Даладағы мыңжылдықтар ізімен» атты жылжымалы көрмесі өтті. Сондай-ақ, Жамбыл облысын танытқан ұлы тұлғалар Ықылас Дүкенұлы, Бауыржан Момышұлы, Жазылбек Қуанышбаев, Асанбай Асқаров, Шерхан Мұртаза Асанәлі Әшімов, сынды тұлғалардың жеке заттары, фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары, еңбектері және қазақтың бертінгі тарихында халқымыздың композиторлық, әншілік, айтыскерлік және ақындық өнерін бір өзінің рухымен әлемдік биікке көтерген ұлы тұлғалардың бірі және бірегейі  – халық ақыны Кенен Әзірбаевқа тиесілі жеке заттары, фотосуреттері, бірегей жәдігерлер Қызылорда жұртшылығының назарына ұсынылды,- деді Сейітжан Ілияс. 

Тарих тағылымына толы музейге шетелдіктер де ат басын бұрады. Мысалы, жыл басынан бері әлемнің түрлі елдерінен 30-дан аса турист табан тіреп, туған жердің тарихымен танысқан. Сейітжан Ілиястың айтуынша, жаз басталғалы музейге оқушылар да ағылып келіп жатыр.

-    Жаздық лагерь аясында музейге келген оқушылар саны 650- ге жетті.  2024 жылдың 5 маусымынан бастап күн сайын Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне Тараз қалалық №2, №4, №11, №25, №33, №34, №37, №40, №51, №56 және Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп, Жуалы ауданы Амангелді мектеп оқушылары, Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектеп, №6 Көктал мектебі, Жасөркен ауылының мектеп оқушыларына музей залдары және Көркемсурет галереясында тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды. Музейді жыл сайын шетелдік туристтер, арнайы музейге келген шетелдік қонақтар тамашалап, өлке тарихымен танысады. Олардың ішінде: Қытай, АҚШ, Канада, Англия, ОМСК, Түркия, Қырғызстан, Жапониядан қонақтарды қарсы алдық,- деді Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар