Тарихы терең тәуелсіз өлкем!
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай зағип оқырмандар арасында «Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан» атты зияткерлік ойын өткізді.
Зағип жандардан құралған топ «Тұлпар» және «Жалын» болып екіге бөлініп, 3 адамнан тұратын құрам жарысқа кірісті.
Жеке бастың мінез-құлқының қалыптасуына, ұстамды және ізденімпаз болуына, ойлау қабілетінің артуына ықпал ететін зияткерлік ойынның шарты 5 бөлімнен тұрды.
Еліміздің салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасынан ақпарат беретін ойынның бірінші бөлімінде Желтоқсан оқиғасы, екінші бөлімінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, үшінші бөлім Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы мен негізгі жұмыстары, төртінші бөлім қазақ әдебиеті, бесінші бөлім «Жүзден жүйрік» бағдарламасынан алынған сұрақтар қойылды.
Зияткерлік ойын нәтижесінде «Тұлпар» тобы 10 сұрақтын 8 сұрағына, ал «Жалын» тобы 9 сұрағына дұрыс жауап беріп, көшбастады.
Зағип оқырмандар зияткерлік ойынға шабытпен қатысып, Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құтықтап, ізгі тілектерін білдіріп, кітапханаға алғыстарын жеткізді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Нурикамал Сейтжанова өмірден өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024