бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 1:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нурикамал Сейтжанова өмірден өтті

Нурикамал Сейтжанова өмірден өтті
ашық дереккөзі
Нурикамал Сейтжанова өмірден өтті
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейтжанова 72 жасында өмірден өтті. Нурикамал Сейтжанова еңбек жолын совхоздың жұмысшы қызметінен бастады және мемлекеттік қызметшінің табысты мансаптық өсуінің барлық сатысынан өтті. Әр жылдары мұғалім, Торғай облыстық атқару комитетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Торғай облыстық мәдениет басқармасының, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының, Ақмола облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Соңғы жылдары Мемлекет тарихы институтында қызмет еткен.
«Нурикамал» әні Нурикамал Сейітжановаға арналған. Әнге арқау болған бойжеткеннің есімі араб тілінен алынған: «Нури» – көрікті, «камал» кемеліне келген, толысқан сұлу дегенді білдіреді. Әннің сөзін жазған – Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы – Тұрдықылыш Ізтаев. Олар ерлі-зайыпты жандар. Ән Тұрдықылыш Ізтаевтың Нурикамал есімді қызға ғашық болуынан туған екен. Ән 1988 жылы жарық көрген. Ол кезде отбасының үш баласы болған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар