жұма, 5 шілде, 2024 1:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

#Taza Kazakhstan-ға "Рухани жаңғырудан" үлес

#Taza Kazakhstan-ға "Рухани жаңғырудан" үлес
ашық дереккөзі
#Taza Kazakhstan-ға "Рухани жаңғырудан" үлес

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында сан-сала қамтылғаны анық. Соның ішінде, ұлттың санасын жаңғыртып, жаңа кезеңде ысырапшылдық пен даңғазылықты қойып, зиялы қауым өкілдері ұлт келбетінің жаңа болмысын жасауға атсалысу керек деген болатын. Сондай-ақ, қоршаған ортаны сақтау мақсатындағы "Бірге -Таза Қазақстан" жобасы дәріптеліп, жастарды экологиялық тазалықты сақтауға шақырды.

 width=Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі “Рухани жаңғыру” жобалық офисінің қызметкерлері тұмса табиғатымен талайды тамсандырған, өңіріміздегі бірден-бір туристік орын - Меркі тауларындағы Үңгіртаста тазалық жұмыстарын жүргізді.

Өкінішке қарай, осынау табиғаттың кереметтілігін тамашалайтын мыңдаған келушілер айналаны ластап, қоқыс тастап кетіп жатады. Табиғатты аялау әрбір қазақстандықтың парызы. Сондықтан, жастарды, азаматтарды тазалықты сақтауға шақырамыз!

https://youtu.be/4qg5NsWzbeI
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар