сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық полицейлер қалта ұрлығымен қарқынды күреске кірісті

Жамбылдық полицейлер қалта ұрлығымен қарқынды күреске кірісті
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер қалта ұрлығымен қарқынды күреске кірісті
Қалта ұрлықтары қаскөйлердің арасында жаппай және кең тараған ұрлықтың түрі, себебі қалта ұрлықтары - бірден қомақты және оңай табыс табу көзі.
Қалта ұрылары қазіргі заман жағдайларына бейімделіп алған, олар көбінесе айналадағы адамдардан ерекшеленбейтін бақуатты киінген, тартымды келбетті қыз балалар мен жасөспірімдер. Бұл қылмыскерлерге өз құрбандарын адастыруға көмектеседі.
Қоғамдық көлікте, дүкендер не болмаса адамдар көп жиналатын жерлерде сақтық пен қырағылық танытып, қалта ұрыларынан сақтануға болады.
Осы қылмыстың профилактикасы және халықты одан ескерту мақсатында, Тараз қаласының 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Тараз қ.ПБ жол-патрульдік полициясы батальонымен бірлесіп, жанданған аялдамалар, қоғамдық көліктер мен супермаркеттерде, жылдам тамақтану желілерінде қалта ұрлығымен айналысатын не болмаса "Қалта ұрысы" санатымен есепте тұратын 68 тұлғаның суреттері бейнеленген "Абайлаңыз, қалта ұрылары!" атты плакаттарды ілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар